Шыңжаңдағы жеміс экспорты 2024 жылы рекордтық деңгейге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 қаңтар

24 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бас Кеден басқармасы кедендік статистика платформасының көрсеткішіне сәйкес, 2024 жылы Шыңжаңның жеміс-жидек экспорты 200 000 тоннаға, экспорт сомасы 2,9 миллиард юаньға жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш.

2024 жылы Шыңжаңның жеміс-жидек экспорт көлемі мен экспорт сомасы екі таңбалы өсімге қол жеткізді. Оның ішінде экспорт көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 20% - ға, ал экспорт сомасы 16% - ға өсті.

Деректер 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Шыңжаң кептірілген және жаңа піскен жемістердің барлық түрлерін, соның ішінде жаңғақ, бадан, шабдалы, жүзім, гоуцзи, қызыл құрма, алмұрт, алма және т.б. өнімдерді экспорттағанын көрсетеді. Олардың ішінде экспорттың ең үлкен көлемі жаңғаққа тиесілі. Жаңғақ жалпы жеміс экспорт сомасының 51,7% - ын құрады. Келесі көлемді көрсеткіш жаңа піскен жүзімге тиесілі: Шыңжаңның жалпы жеміс экспорт сомасының 17,2%-ын құрады. Үшінші орында алмұрт тұр: оның үлесі Шыңжаңның жалпы жеміс экспорты сомасының 10% - ына тең.

Экспорттық бағыт тұрғысынан Шыңжаң жемістерінің экспорты әлемнің 30-дан астам елдері мен аймақтарын, атап айтқанда, Вьетнам, Ұлыбритания, Жапония, Корея республикасы, Индонезия, Қырғызстан, Таиланд, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Германия және т.б. қамтиды Қазіргі уақытта Орталық Азия Шыңжаңның жеміс-жидек экспортының ең ірі нарығы болып табылады. Өткен жылы Шыңжаң Орталық Азия елдеріне шамамен 2 миллиард юань көлемінде жеміс экспорттады. Бұл жылдық жалпы жеміс экспортының 68,9%-на тең. Олардың ішінде Қырғызстанға жеміс-жидек экспорты 1,7 миллиард юаньға жеткен. Бұл көрсеткіш Шыңжаңның жылдық жеміс экспорты сомасының 58,6%-ын құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото