- Барлық ақпарат
Дүниежүзілік банк Өзбекстан экономикасының өсімін 5,8% деңгейінде болжап отыр
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 қаңтар
Еуропа мен Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуына талдау жасалған «Жаһандық экономикалық перспективалар» атты Дүниежүзілік банктің баяндамасы жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.
Дүниежүзілік банк экономистерінің бағалауына сай, былтыр Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі 6%-ға өскен. Аталған ұйым 2025 жылы Өзбекстанның экономикасы — 5,8%, ал 2026 жылы 5,9%-ға өсуі ықтимал екенін болжап отыр.
Еске салайық, былтыр Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі 115 млрд долларға жетті. Бұл ретте шетелдік инвестициялар көлемі 1,6 есе артып, 35 млрд долларды шамалады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, биыл ресми Ташкент $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online