Лукашенко Беларусьтегі президент сайлауында жеңіске жетті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 қаңтар

ОСК алдын ала мәліметтерді ұсынды. Оған сәйкес Александр Лукашенко Беларусьтегі президенттік сайлауда дауыс беру қорытындылары бойынша 86,82 пайыз жинады деп жазды ҚазАқпарат.

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының 27 қаңтардағы алдын ала мәліметіне сәйкес А.Лукашенко 86,82 пайыз, О.Гайдукевич 2,02 пайыз, А.Хижняк 1,74 пайыз, А.Канопатская 1,86 пайыз және С. Сыранков — 3,21 пайыз дауыс жинаған.

Барлығына қарсы сайлаушылардың 3,60%-ы дауыс берді. Сайлауға қатысу көрсеткіші 85,70 пайызды құрады, ал сайлаушылар саны 6 903 994 адам болды.

Беларусь заңнамасына сәйкес, сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған үміткер жеңіске жетеді. ОСК президент сайлауының соңғы қорытындысын 3 ақпанда шығаруды жоспарлап отыр.

Қорытынды расталғаннан кейін А.Лукашенко Беларусьтің сайланған президенті болып ресми түрде жарияланады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото