Туған жерге алып қайтқан сыйлықтар

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 қаңтар

27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Көктем мерекесі жақындаған сайын әр жердегі теміржол вокзалында «Көктем мерекесіндегі» жолаушылар ағыны шыңына жетті. Ауылына бет түзеген жандардың жақындарына алып қайтқан базарлығы жай сыйлық қана емес, ол сүйіспеншілік пен сағыныштың символы.

Чунцин теміржол вокзалында Чжан ханым ата-анасына Чунцин Хогосының (Хот-пот) дәмдеуішін алып барады.

Кішкентай қыз Сяо Чэн анасымен бірге жаңа жылға жүрдек пойызбен туған қаласына қайтпақшы. Ол жарты жыл көрмеген інісіне қуыршақ сатып алды.

Кэ мырза бір жылдан бері үйде болмаған. Ол отбасына екі сандық базарлық алып барады.

Сямэнь теміржол вокзалында хэнаньдық Чжэн ханым өз қолымен жасаған «сәттілік ағашын» ең жақын досына сыйламақшы.

Чунцин теміржол вокзалында студент бойжеткен Қытайдың тарихи гүлі ламейді (Winter Sweet) («қысқы тәтті») қолына алып үйіне қайтпақшы. Ол осы бір гүлдің хош иісін үйдегілер де сезінсе деп үміттенеді.

Ханчжоу теміржол вокзалында Ханчжоу ЖОО-да оқитын студент Сяо Чжэн мен оның әпкесі қолдарына «Фу» (бақыт) сөзі жазылған тілек қағазын ұстап, жұрт назарын аударды.

Чжэнчжоу теміржол вокзалында Чжао мырза қолында екі шоқ пион гүлін ұстап барады. Бұл оның Юньнань гүл базарынан анасы үшін арнайы алған сыйы еді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото