Бейжіңдегі қазақстандық отбасының Қытай Жаңа жылын алғаш қарсы алуы

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 27 қаңтар

27 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстандық Айгерім Тұран -үш баланың анасы. 2024 жылы күйеуінің жұмысына байланысты бүкіл отбасымен Бейжіңге тұруға келген. Биыл олар Қытайда Көктем мерекесін бірінші рет қарсы алғалы отыр.

Айгерім Тұран шетелде жүргенде кездескен ең үлкен кедергі тілдік қарым-қатынас екенін айтты. Бақытқа орай, ол және оның балалары қиындықтарға тап болған кезде, қытайлықтар ешқашан көмек қолын аяған емес. «Мұнда адамдар мейірімді, жылы, бір нәрсе сұрасаң айтып жібергісі, көмектескісі келіп тұрады», - дейді Айгерім.

Биылғы жыл «Көктем мерекесінің» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне сәтті өтінім бергеннен кейінгі алғашқы мереке. Айгерімнің пікірінше, «Көктем мерекесінің» сәтті өтінім беруі - өте жоғары деңгей..

Әр елдің өзіндік ерекше мәдениеті бар, мәдениеттер арасында ұқсастықтар да кездеседі. Айгерім қытайлық Жаңа жыл Қазақстандағы Наурыз мерекесіне ұқсас келетіні және оның өзегі отбасылық байланыстар мен дәстүрлі мәдениеттің терең үйлесімін көрсететінін айтты. «Мысалы, біз де Наурыз мерекесінде ұлттық киім киіп, туған-туысқандар жиналып, ұлттық тағамдар дайындап, бірге атап өтуге тырысамыз», - деді Айгерім Тұран.

«Қытай мәдениетінің терең екенін негізі бұрыннан да фильмдерден, жан-жақтан естіп, білетінбіз, бірақ осындай мереке арқылы одан да тереңірек түсінуге мүмкіндік алуға болады екен», - деді Айгерім. (Ардақ, Ыбырай, Дэн Цзе)

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото