Америкалық компания DeepSeek туралы айтты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 3 ақпан

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 31 қаңтарда Nvidia-ның ресми сайты Қытайдың DeepSeek-R1 соңғы пайымдау моделін таныстыратын мақала жариялады. Онда модель ең озық пайымдау қабілетіне ие және тізбекті ойлау, консенсус және іздеу әдістері арқылы ең жақсы жауаптарды дайындайтыны айтылған.

Бұрын DeepSeek-тің пайда болуы АҚШ-тың технологиялық компанияларының акцияларын дүр сілкіндіріп, Nvidia акцияларының бағасының күрт төмендеуіне әкеліп соққан болатын.

Nvidia бұған дейін DeepSeek-тің ілгерілеуі Қытай нарығындағы Nvidia чиптерінің қолжетімділігін білдіретінін және болашақта DeepSeek-ке қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көбірек Nvidia чиптері қажет болатынын айтқан болатын.

Сол күні Microsoft корпорациясы DeepSeek-R1-ді Azure AI Foundry корпоративтік AI сервистік платформасына қосқанын жариялады, дегенмен оның серіктесі OpenAI DeepSeek-ті зерттеп жатыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото