Қазақстандағы екі университет пен Қытайдың Сянган білім беру университетінің бірлескен жобасы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 ақпан

Қазақстандағы екі педагогикалық университет пен Қытайдың Сянган білім беру университетінің бірлескен жобасы іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.

Үшжақты келісім аясында Қазақстан білім академиясы құрылып, STEM бағытын дамытуға арналған екі орталық ашылды. Оның бірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, екіншісі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанынан жұмысын бастады.

Хабарламаға сәйкес, Қазақстан білім академиясы білім беру саласындағы инновациялық зерттеулер мен идеяларды іске асырады. Әсіресе, болашақ педагогтардың біліктігін арттыруға септігін тизбек.

Тәжірибе алмасу мен тың инновацияларды енгізу жастарды заман талабына сай маман етіп даярлауға үлес қосады. Мұғалімдер осы күзден бастап біліктілігін жетілдіре алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото