9,5 миллиард юань! 2025 жылғы Көктем мерекесіндегі кино кассалары жаңа рекорд орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 5 ақпан

5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық кино басқармасы 5 ақпанда жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2025 жылғы Көктем фестивалі фильмдерінің кассасы (28 қаңтардан 4 ақпанға дейін) 9,51 миллиард юаньды, ал көрермендер саны 187 миллионды құрап, кассалар бойынша және көрермен саны бойынша жаңа рекорд орнатты.

Биылғы Көктем мерекесінде алты жаңа фильм халықпен жүздесті. Мерекенің алғашқы күнінде бір күндік кассалар мен көрермен саны бойынша жаңа рекорд орнады. Сондай-ақ жеті күн қатарынан әр күнгі касса 1 миллиард юаньнан асты, кино нарығы барған сайын жандана түсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото