Ван И іссапарға шығып, бірқатар жиналысқа қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 ақпан

11 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысының 10 ақпан күні жариялаған мәліметіне сәйкес, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Рамидің, Ирландия Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер және Сауда министрі Харристің және Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясының төрағасы Хойсгеннің шақыруымен, ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И 12-17 ақпан аралығында Ұлыбританияға барады және британдық тараппен 10-ыншы Қытай-Британ стратегиялық диалогын өткізеді. Содан кейін Ирландияға, Германияға барып, 61-інші Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысып, маңызды баяндама жасайды. Конференция тақырыбына сәйкес Қытайдың негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымын таныстырады.

Ақпан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің ауыспалы төрағасы ретінде Қытай 18 ақпанда «Көпжақтылықты қолдану, жаһандық басқаруды реформалау және жетілдіру» тақырыбымен Қауіпсіздік кеңесінің жоғары деңгейдегі отырысын өткізеді. Сыртқы істер министрі Ван И Нью-Йоркке Қауіпсіздік кеңесінің отырысына төрағалық ету үшін барады.

G20 төрағасы және Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрі Ламораның шақыруымен Сыртқы істер министрі Ван И 20-21 ақпан аралығында Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында өтетін G20 Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото