Қытайдың Сауданы ілгерілету жөніндегі кеңесі Қазақстанға кәсіпкерлер делегациясының сапарын ұйымдастырды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 ақпан

11 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Қытайдың сауданы ілгерілету жөніндегі кеңесінен алған ақпаратына сәйкес, Қытайдың Сауданы ілгерілету жөніндегі кеңесі ұйымдастырған қытайлық кәсіпкерлер делегациясы 10 ақпанда Қазақстанға экономикалық және сауда алмасу мақсатында барды.

Кәсіпкерлер делегациясын Қытайдың Сауданы ілгерілету жөніндегі кеңесі ұйымдастырды және оның құрамына минералды энергетика, мұнай-химия, қаржы және сауда, су ресурстарын қорғау және гидроэнергетика, құрылыс инжинирингі, авиациялық логистика, машина жасау және т.б. салаларды қамтитын 32 компанияның өкілдері кірді. Қазақстанның елордасы Астанаға барғаннан кейін делегация Қытай мен Қазақстанның іскер топтарының алмасуын нығайту және практикалық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында төрт күндік экономикалық және сауда алмасу іс-шарасын өткізеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото