Шамдар фестивалінде Куку мерекелік тағамдардан дәм татты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 ақпан

12 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бәріңе сәлем! Мен тағамдарды жақсы көретін Кукумын! Қытайдың дәстүрлі мерекелік тағамдарының дәмін татып көретін сәт келді. Өйткені бүгін Шамдар фестивалі, тәттіліктің өкілі юаньсяомен (ішіне қант салып жасалған домалақ жабысқақ күріш)1 минутта танысайық.

Ай күнтізбесі бойынша бірінші ай толатын түн айдың он бесі шамдар фестивалі деп аталады. Оның 2000 жылдан астам тарихы бар.

Бұл күні юаньсяо мен танюань(күріш тұшпарасы) Қытайдағы әрбір үйдің дастарханынан табылатын тағам.

Юаньсяо да, танюань да жабысқақ күріш ұнынан қамыры дайындалып, ішіне күнжіт, қант және т.б. салып жасалады. Солтүстік пен оңтүстікте бұл тағамдарды жасау әдісі әртүрлі болғанымен, олардың бәрінде Қытай халқының қауышу бақытына деген үмітін сыйғызып жатыр.

Шамдар фестивалінде юаньсяо(немесе танюань)жеуден басқа, халық арасында көптеген дәстүрлі әдет-ғұрыптар бар: гүл шамдарды тамашалау, толған айға көз салу, шамдардың ішіне салынған жұмбақтарды шешу, ағаш аяқтармен жүру, арыстан биін билеу... бұлардан халықтың Шамдар фестиваліне деген махаббаты мен құрметі көрінеді. Шамдар фестивалінен кейін Көктем мерекесін тойлау да мәресіне жетеді.

Сен білесің бе? Шетелде де юаньсяо-ға ұқсайтын тәтті тоқаштар бар.

Мысалы, жергілікті фестивальдерде немесе үйлену тойларында жиі кездесетін Үндінің раушан қосып жасалған сүт домалақ тоқаштары - дәстүрлі Үнді тәтті тоқаштарының бірі.

Чехияның жеміс тұшпарасы тұшпара деп аталғанымен ол тәтті тоқаштар түріне жатады. Ал жасалуы танюаньға ұқсайды.

Көптеген шетелдік достар Қытайдың осы тәтті тұшпарасын жегеннен кейін таңдайынан дәмі кетпей жүр. Сіз юаньсяоды жеп көрген бе едіңіз? Сізге қай түрі ұнайды?

Осы ай толған түнде әлемнің барлық жеріндегі достардың юаньсяодің тәттілігін сезінуін тілеймін! Баршаңыздың айларыңыз толып, армандарыңыз орындалып, жақындарыңыз жиі қауышсын!

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото