Өткен жылы Шыңжаң тас жол порттарының жүк көлемі 50%-дан астамға ұлғайды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 14 ақпан

14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 13 ақпанда өткен 2025 жылғы Үрімжі кеден ісі жөніндегі конференциядан алған ақпаратына сәйкес, 2024 жылы Шыңжаң тасжол порттарының импорттық және экспорттық жүк көлемі 14,99 миллион тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш әлөткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,2%-ға өскен.

2024 жылы Шыңжаңдағы 7 магистральдық порт пен 4 аумақтық бизнес-алаңда «магистральдық порт + аумаққа тікелей кіру» моделін енгізді. Бұл әдіс Шыңжаң порттарының қозғалыс тиімділігін арттырды. Мысалы, Алтай Кедені көмірді тексеру және қабылдау моделін белсенді түрде алға жылжытып, тексеру уақытын 3-5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартты. Қорғас тасжол порты ауылшаруашылық өнімдеріне қатысты «тікелей портқа кіру» реформасын жүзеге асыруда жетекші болды. Бұл шара ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаудағы кедендік ресімдеу уақытының 40% - дан астамын үнемдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото