- Барлық ақпарат
Ван И: Қытай АҚШ-қа қатысты саясатында тұрақтылық пен бірізділікті сақтайды
17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 14 ақпанда Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясына қатысып, «Қытайдың арнайы сессиясында» сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап берді. Қытай-АҚШ қатынастары жөнінде Ван И Қытайдың Америка Құрама Штаттарына қатысты саясаты тұрақтылық пен бірізділікті сақтайтынын және аяқ астынан жалт бұрылмайтынын айтты, бұл ірі елдің стратегиялық табандылығы мен халықаралық беделін көрсетеді.
Ван Идің айтуынша, Қытайдың саясаты Төраға Си Цзиньпин ұсынған үш қағиданы ұстанады: өзара сыйластық, бейбіт қатар өмір сүру және өзара тиімді ынтымақтастық.
Бірақ егер АҚШ тарабы Қытайға бөгет жасауын тоқтатпаса, онда біз де соңына дейін тұрысуға бармыз, АҚШ-тың біржақты зомагерлік әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсы тұрамыз және Қытайдың ұлттық егемендігін, ұлттық намысын және заңды даму құқығын батыл қорғаймыз.
people.cn © People's Daily Online