Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер туралы Қытай пікірі: Біз бейбітшілікке бағытталған барлық құлшыныстар үшін қуаныштымыз

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 ақпан

19 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 ақпан күні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен Ресей мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Ресей-Украина қақтығысына арналған келіссөздер туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Го Цзякунь 18 ақпанда өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қытайдың пікірін білдірді. Ресми өкіл Қытай бейбітшілікке бағытталған барлық күш-жігерді, соның ішінде Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің бейбіт келіссөздер арқылы қол жеткізген консенсусына куә болғанына қуанышты екенін айтты.

Го Цзякуньның айтуынша, Украинадағы дағдарысқа байланысты Қытай әрқашан диалог пен келіссөздер түйіткілді мәселені шешудің бірден бір жолы деп санайды және қашан да ымыраға келтіруге, келіссөздерді ілгерілетуге табанды болады. Қытай бейбітшілікке бағытталған барлық күш-жігерді, соның ішінде Америка Құрама Штаттары мен Ресейдің бейбіт келіссөздер арқылы қол жеткізген консенсусын көргеніне қуанышты.

Сонымен бірге, Қытай барлық тараптар мен мүдделі елдер бейбіт келіссөздер процесіне уақытында қатысады деп үміттенеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото