Қазақстан мен Қытай металлургияда ауқымды жобаны іске қосуда

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 19 ақпан

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда түсті металдарды өндіру және терең өңдеу саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің вице-министрі Олжас Сапарбеков және «East Hope Group» компаниясының бас директоры Чанцзюнь Мэн қатысты.

Жоба екі өңірде жаңа өндірістік қуаттарды құруды қарастырады, бұл металлургия саласында озық технологияларды енгізуге және дайын өнімді халықаралық нарықтарға, соның ішінде Еуропалық одақ, Орталық Азия және Қытайға экспорттауды кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоба аясында электр қуаттары станцияларының құрылысы көзделуде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото