- Барлық ақпарат
Қытайдың жұмсақ қуат рейтингісі екінші орынға көтерілді
21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- «2025 жылғы жаһандық жұмсақ қуат индексі» 20 ақпан күні Англияның Лондон қаласында шығарылды. Қытайдың жұмсақ күш(soft power)рейтингісі өткен жылғы үшінші орыннан екінші орынға көтерілді.
Британияның «Brand Finance» консалтингтік компаниясы жариялаған есеп 2024 жылдан бастап Қытай жұмсақ қуаттың 8 тірегінің 6-сында және нақты көрсеткіштердің үштен екісінде айтарлықтай өсуге қол жеткізгенін көрсетеді. Баяндамада бұл өсім Қытай ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ілгерілетуге, тұрақты дамуды нығайтуға және отандық брендтің ықпалын одан әрі жетілдіруге байланысты екендігі айтылған.
«Brand Finance» консалтингтік компаниясының президенті Дэвид Хейгэ: «Қытайдың жұмсақ қуатқа салған инвестициясы өз нәтижесін беруде. 2025 жылы Қытайдың жұмсақ күштер рейтингісі алғаш рет Ұлыбританиядан асып түсті. Бұл Қытайдың экономикалық қуатын үздіксіз нығайтудағы, өзінің мәдени ерекшеліктерін көрсетудегі, қауіпсіздік пен басқаруды күшейтудегі жетістіктерін дәлелдейді»-, деді.
people.cn © People's Daily Online