- Барлық ақпарат
Қытай университеттерде сала мамандарын қызметке шақыруды ынталандырды
21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Білім министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, жақында министрлік пен басқа сегіз департамент колледждер мен университеттерді сала мамандарын, кәсіби және техникалық қызметкерлерді, жоғары білікті кадрларды сырттай оқытушы ретінде қызметке тартуды ынталандыратын құжат әзірледі.
Құжат колледждер мен университеттерді сала мамандарын, кәсіби және техникалық қызметкерлерді, жоғары білікті кадрларды сырттай оқытушы ретінде қызмет етуге ынталандыруды көздейді. Яғни оқу процесін, практиканың, ғылыми зерттеулер мен инновациялардың өзара интеграциялануын, сондай-ақ студенттерге өздерінің жаңаша әлеуетін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Сол сияқты құжатта білім алушылардың практикалық қабілеттерін дамытуды тереңдетіп, ел болашағы үшін жан-жақты білімді, креатив бағыттағы жастарды қалыптастыруға ықпал ету ұсынылған.
people.cn © People's Daily Online