Қытай әуе порттарында кедендік ресімдеу одан әрі жеңілдетіледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 ақпан

26 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 ақпанда ҚХР Бас кеден басқармасы және басқа үш департамент бірлесіп «Әуе порттарында кедендік ресімдеуді одан әрі жеңілдету бойынша бірнеше шара туралы хабарлама» жариялады.

Онда Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй, Янцзы өзенінің атырауы, Гуандун-Сянган-Аомэнь үлкен шығанағы аймағы, Сычуань өлкесі сияқты жағдайлары бар ірі әуе порттарында 7×24 кедендік ресімдеуге кепілдік беру жүйесі оңтайландырылуы керек екендігі айтылған.

Құжатта Авиациялық халықаралық логистикалық желіні жетілдіруді жалғастыру, халықаралық авиациялық тораптар мен аймақтық авиациялық тораптардың жеткізу және қамту деңгейін арттыру, әуе порттарының халықаралық жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтеріне кепілдік беру қабілетін арттыру, «Әуе Жібек жолын» кеңейту және нығайту көзделген.

Ресурстарды бөлуді оңтайландыру, негізгі жүк тораптарындағы әуе порттарының инспекциялық күштерін күшейту, қосымша инспекциялық жабдықтарды бөлу, сондай-ақ жаңа жемектіктер мен температура сақтауды қажет ететін дәрі-дәрмектер сияқты суық тізбекті тауарлар, жоғары құнды тауарларды қамтитын арнайы тауарларды кедендік ресімдеудің тиімділігін арттыру мақсат етілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото