- Барлық ақпарат
Қазақстанда ҰБТ сұрақтарын жасанды интеллект дайындайды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 26 ақпан
ҚР Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын әзірлеу үшін жасанды интеллект қолданылады деп жазды qazaqstan.tv.
Ал тест тапсыру ережелері мен грантқа түсу мүмкіндіктерін білу үшін «AI Talapker» чат-боты жұмыс істейді. Бұл туралы Қазақстанның Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов мәлімдеді. ҚР Министрлігі қазір жаңа технологиямен жұмыс істейтін арнайы кадр әзірлеп жатыр. Бүгінде Қазақстанда 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламасы енгізілген. Онда 2 196 магистрант пен докторант оқып жатыр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online