- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы мәдени туризм көрмесіне Орталық Азия елдерінен 100-ден астам кәсіпорын қатысады
28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының Мәдениет және туризм бюросы 2025 жылғы Шыңжаң мәдени туризм көрмесі 22-24 наурыз аралығында Үрімжідегі Шыңжаң халықаралық конгресс-көрме орталығында өтетінін хабарлады. Көрмеге Орталық Азияның бес елінен 100-ден астам компания қатысады.
Осы уақытқа дейін отандық және шетелдік 2000-ға жуық компания қатысуға тіркелді. Орталық Азия елдерінің компанияларынан басқа, Малайзия, Индонезия, Грузия және басқа елдерден де қатысуға ниетті кәсіпорындар байланысқа шығып жатыр.
Автономиялық регионның Туризм қауымдастығы басшысының орынбасары Чжан Сяоюйдің айтуынша, «Бір белдеу, бір жолдың» кеңеюіне байланысты Орталық Азия елдеріндегі туристік нарықтың дамуы көбірек мүмкіндіктерге жол ашты. Оның айтуынша, Орталық Азияның көптеген компаниясы туристік маршруттарды дамыту, туристік инфрақұрылымға инвестиция салу, туристік ресурстарды ілгерілету, жабдықтарды модернизациялау және ауқымды сатып алулар бойынша кешенді жұмыс істеп жатыр.
Чжан Сяоюй осы жолғы көрме Шыңжаң мен Орталық Азия елдерін байланыстыратын трансшекаралық туристік маршруттарды дамытуға жәрдемдесуге және мәдени туризм инфрақұрылымын сатып алу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға бағытталатынын айтты. Сонымен қатар Орталық Азиядағы мәдени туризм саласындағы аймақаралық ынтымақтастық туралы конференция өтеді.
Шыңжаң Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты 8 елмен шектеседі. Шыңжаңның кіру және шығу шекарасын тексеру терминалының деректері Шыңжаңның «шекаралық туризмі» 2024 жылы 100 миллионнан асқанын көрсетеді.
people.cn © People's Daily Online