АҚШ Қытайға 41 мәдени жәдігерді қайтарды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 6 наурыз

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің уақытымен 4 наурызда Мемлекеттік Мәдени жәдігерлер басқармасы Нью-Йорктегі Манхэттен аудандық прокуратурасынан елімізге қайтарылған 41 мәдени жәдігер мен өнер туындысын тапсырып алды. Олардың ішінде қыш ыдыстары, нефриттер, қола ыдыстары, будда мүсіндері және т.б. бар.

Сарапшылар фотосуреттерді алдын ала анықтағаннан кейін мәдени жәдігерлер мен өнер туындыларының партиясы Неолит дәуірінен Цин әулетіне дейінгі дәуірді қамтиды деп тұжырымдады. Олар түрлері мол, ерекше қолөнер шеберлікке ие, белгілі бір тарихи, көркемдік және ғылыми құндылықтарға толы. Бұлар елден заңсыз әкетілген Қытай мәдени жәдігерлері мен өнер туындыларына жатады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото