- Барлық ақпарат
Қытай биыл Тяньцзиньде ШЫҰ саммитін өткізеді
7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні таңертең Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясы журналистер мәслихатын өткізді. ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И биыл Қытай ШЫҰ-ға кезекті төрағалық етіп жатқанын айтты. Осы күзде Қытай Тяньцзиньде ШЫҰ саммитін өткізетінін жеткізді.
Сыртқы істер министрінің айтуынша, 24 жылдық дамудан кейін ШЫҰ 6 мүшеден 26 елден тұратын ШЫҰ үлкен отбасына кеңейіп, әлемдегі ең кең және халқы ең көп аймақтық ынтымақтастық ұйым болды. ШЫҰ-ның дамып, күшеюінің негізгі себебі – әрқашан «Шанхай рухын» дәріптеуінде. Ол өзара сенім, өзара пайда, тең құқылы кеңесу, әртүрлі өркениеттерге құрметпен қарау және ортақ дамуды көздеуді берік ұстанды, осылайша ШЫҰ жаңа өңірлік ынтымақтастық жолын қалыптастырды.
Фото:Синьхуа
people.cn © People's Daily Online