Ван И: Қытай мен Ресей өзара жең ұшынан жалғаспайтын, қарсыласпайтын, үшінші біреуге қаратылмайтын жолды тапты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 наурыз

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бүгін таңертең Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясының баспасөз мәслихаты өтті. Қытай Коммунистік Партиясы Саяси Бюросының мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И журналистердің сұрақтарына жауап бере келе, Қытай мен Ресей өзара ынтымақтастықтың жең ұшынан жалғаспайтын, қарсыласпайтын, үшінші тарапқа қаратылмайтын тәсілін тапқанын айтты.

Ван Идің айтуынша, екі тарап та өздерінің тарихи тәжірибелерін терең талдап, мәңгілік тату көршілік пен достық қарым-қатынаста болуға, жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылуға шешім қабылдады. Өйткені бұл екі ел халқының негізгі мүдделеріне және дәуірдің даму мен прогресс бағытына сәйкес келеді.

Оның айтуынша, Қытай мен Ресей ірі елдік қатынастардың жаңа түрінің алдыңғы қатарында. Бұл сонымен қатар көрші елдер арасындағы қатынастардың үлгісіне айналды. Жетілген, берік, тұрақты Қытай-Ресей қарым-қатынасы бір сәттік оқиғамен өзгермейді, үшінші тараптың ықпалына да ұшырамайды.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото