- Барлық ақпарат
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы ҚКП комитетінің хатшысы әлем халқын Шыңжаңға шақырады
8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні таңертең Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы делегациясы Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясында ашық топтық іс-шара өткізді. Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының өкілі, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы ҚКП комитетінің хатшысы Ма Синжуй жиналыста БАҚ тілшілеріне: «Сіздер Шыңжаңға келіп көріңіздер, жүріңіздер, қайда барып, нені көргілеріңіз келеді, барлығын айтыңыздар. Нағыз Шыңжаңның жағдайымен танысыңыздар» деп ұсыныс жасады.
Сол күні өткен ашық топтық іс-шарада Ма Синжуй Шыңжаңның алдында тұрған ең үлкен мәселе – АҚШ пен Батыстың шындықты іс жүзінен іздемеуі, фактілерді негіз ретінде пайдаланбауы және Шыңжаңға барып, шын жағдайды көрмей тұрып, Шыңжаңға күйе жағып, жалған «қалпақ кигізуі» деп кесіп айтты.
Фото:Шыңжаң газеті
people.cn © People's Daily Online