- Барлық ақпарат
Қытай Канададан әкелінетін кейбір тауарларға баж салығын енгізді
9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік Кеңестің тарифтік ережелер жөніндегі комитеті 8 наурызда 2025 жылдың 20 наурызынан бастап Канададан келетін кейбір импорттық тауарларға тарифтер енгізілетіні туралы хабарлама таратты.
Канада үкіметі 2024 жылдың 1 қазанынан бастап қытайлық электромобильдерге 100% тариф енгізетінін, ал 2024 жылдың 22 қазанынан бастап қытайлық болат пен алюминий өнімдеріне 25% тариф енгізетінін хабарлаған болатын.
Мемлекеттік Кеңестің тарифтік ережелер жөніндегі комитеті 2025 жылдың 20 наурызынан бастап Канададан шыққан рапс майына, майлы торт, бұршаққа 100% тариф енгізілетіні туралы мәлімдеді. Сондай-ақ Канададан шыққан су өнімдері мен шошқа етіне 25% тариф енгізіледі.
Қытай Канаданың біржақты түрде тарифтерді енгізуі әдеттегі сауда протекционизмінің көрінісі деп есептейді. Бұл - Қытайға қатысты кемсітушілік шарасы, Қытайдың заңды құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіреді және Қытай-Канада экономикалық-сауда қатынастарын бұзады деп мәлімдеді.
people.cn © People's Daily Online