- Барлық ақпарат
Қытай мен Украина ауылшаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттау туралы хаттамаға қол қойды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 наурыз
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 6 наурыз күні Қытай мен Украина Киевте Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттау туралы екі хаттамаға қол қойды.
Қытайдың Украинадағы елшісі Ма Шэнкунь сол күні Киевте Украина Ауыл шаруашылығы саясаты және азық-түлік министрі Виталий Ковальмен кездесті. Қытайдың Бас кеден басқармасының атынан Ма Шэнкунь Украинаның Азық-түлік қауіпсіздігі және тұтыну шылардың құқықтарын қорғау агенттігінің директоры Сергей Ткачукпен бірге «Украинадан Қытайға бұршақ тасымалдауға қойылатын фитосанитарлық талаптар туралы хаттамаға» және «Украинаның жабайы су өнімдерін Қытайға тасымалдауға инспекциялық, карантин және санитарлық талаптар туралы хаттамаға» қол қойды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online