Еліміздегі қарттарға күтім жасау қызметі барлық егде жастағыларға бағытталады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 наурыз

10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 наурызда Мемлекеттік XIV Халық құрылтайы үшінші сессиясының халық тұрмысы тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында Қытайдың Халық Істер министрі Лу Чжиюань еліміз халық саны дамуында балалардың азаюы, қартаю және жас ұлғаю сынды ерекшеліктердің орын алғандығын айтты. Дәстүрлі отбасылық қарттарға күтім жасау функциясы әлсіреп, егде жастағы адамдар әлеуметтік көмек көрсету қызметіне сұранысты арттыруда. Қарттарға күтім жасау қызметтерін «үшеуі жоқ» қарттардан (жұмыс істеу қабілеті жоқ, күнкөріс көзі жоқ, асыраушы немесе қарайласатын адамы жоқ) барлық егде санаттағыларға дейін кеңейтуге жәрдемдесу қажет.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото