- Барлық ақпарат
Елімізде жастарды жұмыспен қамтуды қолдаудың жаңа саясаты енгізіледі
10 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Ван Сяопин 9 наурызда өткен Мемлекеттік XIV Халық құрылтайының үшінші сессиясындағы халық тұрмысы тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында алдыңғы екі айдың жағдайына қарағанда, көктем мерекесінен кейін кәсіпорындардың өндірісті қалпына келтіру үдерісі жеделдеп, жұмысшылар сыртқа ертерек шығып, өңір аттап жұмыс істеу тәртіппен жүріп, еңбек нарығы ойдағыдай басталғанын айтты.
Биыл үкіметтің жұмыс есебінде экономикалық өсуге және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күшті қолдау көрсететін неғұрлым белсенді макроэкономикалық саясат енгізіліп, жүзеге асырылатыны көрсетілген.
Ван Сяопиннің айтуынша, биыл негізгі топтардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарын аяқтаған жастарды қолдау саясатының жаңа буыны енгізіледі. Сонымен қатар еңбек ресурстарын көп қажет ететін салалардың трансформациялау және модернизациялау процесінде жұмыстандыруды орнықтырып, жаңа технологияларды қолдану мен жұмыс орындарын қайта құруды үйлестіріп, жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктерін құрады.
people.cn © People's Daily Online