- Барлық ақпарат
Әлем және Қазақстан футболының аңызға айналған ойыншылары Астанада кездеседі
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 наурыз
Қазақстан футболы күніне орай Әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары Астанада бас қосады деп жазды Kazinform.
Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, «1XLegends — Аңыздар ойыны» 25 сәуір күні Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Қазақстандық жанкүйерлер Майкон, Хавьер Дзанетти және Кларенс Зеедорф сынды аты аңызға айналған футболшылардың ойынын тамашалай алады.
Қазақстан аңыздар құрамасы сапында Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория бастаған футбол саңлақтары алаңға шығады.
Айта кетерлігі, аталған футбол мерекесі Орталық Азияда өтетін әлемдік турдың алғашқы ойыны болмақ.
«Аңыздар ойыны» Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online