- Барлық ақпарат
Шоңқұштай
11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньшань тауының етегінде Іле қазақ автономиялы облысы Текес ауданынан 90 шақырым жердегі оңтүстік таулы аймақта Қаражон жайлауымен өзен арқылы бөлініп, бір «Ертегідей ауыл» жатыр. Мұнда жасыл желек жамылған жайлау, асау өзендер, асқар таулар, ну орман, даласы малға толған қыстаулық, терең аңғарлар бар. Бұл табиғаттың тамаша сыйын бір бойына сыйдырып жатқан «Шығыс Швейцариясы»; бүкіл ел бойынша танымал «туристер сөзсіз келетін жер»; «Қытайдың әйгілі тарихи-мәдени ауылы» деген атпен танымал--Шоңқұштай.
Шоңқұштай қазақ тілінде «үлкен тұғыр» дегенді білдіреді. Аты айтып тұрғандай бұл Қаражон жайлауы және сан қыраттар мен аңғарларды үстінен қарап тұратын тұғыр. Бұл бір кездері солтүстік және оңтүстік Тяньшань тауларының маңызды өткелі болған, сонымен қатар Уисін байырғы жолының солтүстік бастауы. Уақыт пен кеңістікті еңсеріп, майданға аттанған сарбаздар, дін таратқан монахтар, екі ауылдың елшісі болған ханшайымдар, үзілмеген сауда керуені барлығы да осы аймаққа өз іздерін қалдырған.
Жергілікті тұрғындар: «Қаражонда жүріп, Құштайда тұрып» деп жиі айтады. Мұндағы ерекше табиғи жағдайлар ұрпақтар бойы судың тұнығын, шөптің шүйгінін қуып өмір сүрген малшылардың келсе кеткісі келмейтінінің себебі болып табылады. Олар қарағайлар мен шыршалардан таудың етегінде, судың бойында әдемі үй салып алады. Бүгінде мұнда 400-ден астам отбасы тұрады, олардың ағаш үйлері самыраған жұлдыздай болып көрікті Құштайдың төсінде жатыр. Бұл Іле өзені аңғарындағы жақсы сақталған ағаштан жасалған құрылыс тобы. Олардың ішінде кейбір қазақтардың ағаш үйлерінің жүздеген жылдық тарихы бар. Бұл ағаштан құрылыс салу технологиясын, көшпелі өмір сүру салтын және ұлттық мәдени ерекшеліктерді көрсететін «алтын визиткаларға» айналды.
2014 жылы Шоңқұштайдан Текес ауданына келетін тау айналған тасжол салынып, іске қосылды. Қолайлы көлік қатынасы осы шағын ауылдың ертегідей сұлулығына кездесіп, мұнда туристер көбейді. Байырғы жол бойындағы бекет бүгінде әйгілі туристік ауылға айналып, ауыл тұрғындары туризмнің игілігіне кенелуде.
Бүгінгі таңда 125 жергілікті ерекшелікке ие қонақ үйлер, ат кооперативтері, ара өсіру кооперативтері, ән-би кооперативтері жұмыс істейді... Барған сайын жетілдіріліп келе жатқан туристік индустрия желісі 500-ден астам ауыл тұрғынын есігінің көзінде жұмысқа орналастырды. Ал үй шаруашылығының орташа жылдық табысы 30 000 юаньнан астамға өсті. Ауыл тұрғындары күндерінің балдан тәтті екенін айтып жүр.
«Тұнық су мен жасыл таулар - баға жетпес байлық»! Біз ауылды жандандыруға жан-жақты жәрдемдесу жолында бұл асқақ қарлы таулар, жасыл ормандар, арқыраған өзендер, терең жыралар, тыныштық мүлгіген жайлау, қаз қатар тізілген үйлерді олардың баға жетпес байлығы деп білеміз.
people.cn © People's Daily Online