Робот иттер мен жүргізушісіз көліктер Бейжіңдегі жолдарды күзетіп жүр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 наурыз

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 8 наурызда Бейжіңнің Экономикалық және технологиялық даму аймағында робот-ит пен жүргізушісіз патрульдік көліктер тобы бірге патрульге шықты.

Бұл жақында Бейжіңнің Экономикалық даму аймағы енгізген жаңа буын интеллектуалды патрульдік жүйе. Жаңа буын интеллектуалды патрульдік жүйесі жасанды интеллект алгоритмдері мен үлкен деректерді талдауды сәтті біріктірген. Патрульге барлығы 18 дана l4 класты жүргізушісіз көліктер, 15 жүргізушісі бар патрульдік көліктер және 2 ақылды робот ит қатысты.

Тиісті жауапты тұлғаның таныстыруына сәйкес, «Патрульдік қызметтің тиімділігі дәстүрлі режимге қарағанда 3 есе жоғары. Бұл алдын алу мен бақылау аясынан тысқары аумақтардағы қауіптілікті айтарлықтай төмендетеді».

Ақылды робот ит 2025 жылы Бейжіңдегі Ичжуан жартылай марафонында және адам пішінді робот жартылай марафонында да кездесіп, іс-шараның қауіпсіздік міндеттерін өз мойнына алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото