Сыртқы істер министрлігі: Қытай жоғары сапалы даму және жоғары деңгейдегі ашықтығымен әлемге мүмкіндік беруді жалғастырады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 12 наурыз

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин 11 наурызда Қытай сыртқы әлемге жоғары сапалы даму мен жоғары деңгейдегі ашықтық мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастырып, әлемдік экономиканы қалпына келтіру мен дамытудың жаңа негізгі қозғаушы күшін қамтамасыз ететінін айтты.

Журналистердің сұрақтарына жауап ретінде Мао Нин ашықтық Қытайдың экономикалық өміршеңдігінің қайнар көзі және Қытайдың әлемге берер берік уағдасы екенін атап өтті. «Биылғы үкіметтің жұмысы туралы есепте атап өтілгендей, сыртқы орта қалай өзгерсе де, біз әрқашан сыртқы әлемге мызғымас ашықтықты ұстанамыз, институционалдық ашықтықты тұрақты түрде кеңейтеміз және тәуелсіз ашықтық пен біржақты ашықтықты жүйелі түрде кеңейтеміз», - деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото