ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 наурыз

13 наурыздан бастап әуе және көлік қатынасына жекелеген учаскелерде уақытша шектеу енгізілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Осыған орай Қазақстанның кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

«Сондай-ақ, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады. Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз», – дейді ҚР министрлігі.

Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрлігі енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұрап отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото