Қытайда өздігінен жүретін алғашқы ауыр жүк пойызы сапарын сәтті аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 наурыз

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың автономды жүретін алғашқы ауыр жүк пойызы Guoneng Group Shuohuang теміржолының Хуанхуа порт станциясына жетіп, сапарын сәтті аяқтады.

Бұл жолы іске қосылған өздігінен жүретін пойыздың жалпы салмағы 10 788 тонна, жүктемесі 8 120 тонна. Автономды жүру жүйесі толық автономды басқару сияқты борттық басқару жүйелерін пайдаланады. Сапарға шығу процесінде кезекші экипаж тиісті пайдалану стандарттарын мұқият орындап, жүруді басқаруға мүлдем қатыспады. Жүру кезінде автономды жүргізу технологиясы қауіпсіздік, сенімділік және интеллектуалдылық тұрғысынан толығымен тексеруден өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото