Қытай-Қазақстан Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім ресми түрде күшіне енді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 наурыз

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім» осы жылдың 10 наурызында ресми түрде күшіне енді.

Сонымен бірге 1992 жылы 26 қыркүйекте қол қойылған «Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы автомобиль көлігі туралы келісімнің» мерзімі аяқталды.

Жаңа Келісім автомобиль көлігі саласындағы екіжақты халықаралық ынтымақтастық аясын жаһандық тасымалдау, транзиттік тасымалдау және үшінші елдерге тасымалдау салаларын кеңейтеді. Сонымен қатар, көлік құралдары мен көпшіліктің кіріп-шығуын басқару, құжаттарды өзара тану, салықтан босату, визалық режим мен кедендік рәсімдеуді жеңілдету және ақпарат алмасу бойынша салалық және институционалдық шаралар қабылданды. Бұл Қытай-Қазақстан халықаралық автомобиль көлігі жүйесін одан әрі ілгерілетуге оңтайлы жағдай тудырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото