Газадағы қайтыс болғандар саны 50 мыңнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 24 наурыз

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 50 021-ге жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы эксклавтың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Соңғы 24 сағатта 41 адам қаза тапқан. Жараланған 61 адам ауруханаларға жеткізілген.

Зардап шеккендердің жалпы саны 113 274-тен асты.

18 наурыздан бері Израиль Газаға жаппай соққы беруді қайта бастағаннан бері 673 адам қаза тауып, 1233-тен астам адам жарақат алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото