Шыңжаң «Манастың» материалдық емес мәдени мұрасын қорғау туралы ереже шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 наурыз

28 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 27 наурыз күні тілшінің Шыңжаң Халық құрылтайы тұрақты комитетінен алған мәліметіне сәйкес, Шыңжаң «Манастың» материалдық емес мәдени мұрасын қорғау туралы ережесін жариялады. Құжат осы жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

Қорғау ережелерінде «Манастың» материалдық емес мәдени мұрасы ресурстарын ұтымды пайдалану, мәдени өнімдерді әзірлеу, мәдени қызмет көрсету» және «әдебиеттің, театрдың, бейнелеу өнерінің, сурет, кино және теледидар мен көркем шығармашылықтың өзге түрлерінің дамуын ынталандыру» қажеттігі нақты көрсетілген.

Сол сияқты ережеде «Манастың» материалдық емес мәдени мұрасына мұрагерлік ететін дарындыларды тәрбиелеуге, қаражат көзіне, мұрагерлік орындарын салуға, мұрагерлік қызметке кепілдік беруге, «Манас» пен туризмнің интеграциясы дамуына байланысты ережелер шығару қарастырылған. Құжатта алғаш рет «Манастың» материалдық емес мәдени мұрасының таралуы аймағы мен «Манас» эпосы мұрагерлерінің өкілдері нақты анықталған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото