Бейжіңде әлемдегі алғашқы «жедел жәрдем роботы» таныстырылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 28 наурыз

28 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 26 наурыз күні Бейжіңде екі қытайлық компания бірлесіп әзірлеген әлемдегі алғашқы «жедел жәрдем роботы» мен «алғашқы медициналық көмек көрсетуде тасымалға жауапты робот» ресми түрде таныстырылды.

«Жедел жәрдем роботы» және «алғашқы медициналық көмек көрсетуде тасымалға жауапты робот» төрт аяқты, төрт доңғалақты және шынжыр табанды үш жүру режимімен жабдықталған. Олардың жүру, жүгіру, баспалдақпен көтерілу, төбеге шығу, төмен түсу, кедергілерден аулақ болу және кедергілерден өту сияқты функциялары бар. Бұл роботтар -20°С-тан 55°C-қа дейін тұрақты жұмыс істей алады. Олар табиғи апаттардан құтқару, күрделі экологиялық операциялар, қауіпсіздік апаттарынан құтқару, соғыс майданындағы алғашқы медициналық көмек, ауруханаға дейінгі және аурухана ішінде алмастыру және басқа да орталарда қолданылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото