- Барлық ақпарат
42-інші Лоян пион мәдениеті фестивалі ашылды
2 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 1 сәуірде Хэнань өлкесінің Лоян қаласында Қытайдың 42-інші Лоян пион мәдениеті фестивалі ашылды. Биылғы пион мәдени фестивалі 1-15 сәуір аралығында өтеді. Ал гүлдерді тамашалау мезгілі бір айға дейін созылады. Бүкіл мәдени фестиваль «Пион» тақырыбымен Ханьфу (Қытай дәстүрлі киімі), музыка, сырттағы шаралар және тұтыну сияқты элементтерді шебер байланыстырады. Келушілерге ерекше мәдени мереке силау мақсатында 10 негізгі іс-шара және 35 байланыстырушы іс-шара дайындалды.
Лоян сонымен қатар негізгі қалалық жерлерде түнгі тұтынудың тоғыз арнаулы аймағын құрды, олар көрікті жерлерді аралау, демалу, мәдени ойын-сауық, орындаушылық өнер, арнайы асхана және сән дүкендері сияқты түнгі іс-шараларды бастады. Осылайша Лоян қаласының түні де нұрлана түсті. Бұл түнгі тұтыну форматтарының әртараптандырылған және интеграцияланған дамуына ықпал етеді.
people.cn © People's Daily Online