Қытай ДСҰ-ға АҚШ-ты «өзара тарифтік» шаралары үшін сотқа берді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 сәуір

7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Дүниежүзілік сауда ұйымына Америка Құрама Штаттарының Қытай тауарларына «өзара тарифтік» жүйені енгізгені үшін берген арызына қатысты Қытайдың Сауда министрлігінің өкілі 4 сәуір күні пікір білдірді. Ресми өкілдің айтуынша Қытай тарапы Америка Құрама Штаттарын өздерінің жөнсіз әрекеттерін дереу түзетуге және біржақты тарифтік шараларды жоюға шақырды.

Шығыс уақыты бойынша 2 сәуірде Америка Құрама Штаттары Қытайды қамтыған барлық сауда серіктестеріне «өзара тарифтік» жүйені енгізетінін мәлімдеген еді. Осыған байланысты Қытай ДСҰ-ның Дауларды шешудің тиісті сотына жүгінді.

Баспасөз хатшысы АҚШ-тың аталмыш «өзара тарифтік» жүйені енгізуі ДСҰ ережелерін бұзатынын, ДСҰ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделеріне елеулі нұқсан келтіретінін, ережеге негізделген көпжақты сауда жүйесіне және халықаралық экономикалық-сауда тәртібіне айтарлықтай зиян тиетіндігін атап өтті. Ресми өкіл бұл әлемдік экономикалық және сауда тәртібінің тұрақтылығына қауіп төндіретін типтік біржақты сескендіру әрекеті екенін, Қытай тарапының бұған үзілді-кесілді қарсы болатынын мәлімдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото