- Барлық ақпарат
Шыңжаңның Үрімжі қаласындағы мектептерде «көктемгі демалыс» пен «қар демалысы» берілетін болды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 сәуір
7 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Шыңжаңдағы Үрімжі қаласының Білім беру бюросынан алған мәліметке сәйкес, Үрімжі қаласы 2025 жылдан бастап бүкіл қала бойынша мектептерде «көктемгі демалыс» пен «қар демалысын» сынақ ретінде енгізеді. 2025 жылға арналған нақты кесте:
2025 жылғы 28 сәуірден 30 сәуірге дейін – «Көктемгі демалыс», барлығы 3 күн;
2025 жылғы 1 желтоқсаннан 5 желтоқсанға дейін – «Қар демалысы», барлығы 5 күн.
«Көктемгі демалыс» пен «қар демалысы» кезінде оқушыларды мектеп ұйымдастыратын ғылыми-зерттеу және спорттық ойындар сияқты мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады, сонымен қатар олар отбасы мүшелерімен бірге саяхаттай алады.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online