- Барлық ақпарат
Қысым мен қоқан-лоқы - Қытаймен қарым-қатынас жасаудың дұрыс әдісі емес
9 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Америка Құрама Штаттарының «өзара тарифтерді» енгізуіне жауап ретінде «Халық Газеті» пікір мақаласын жариялады. Мақалада АҚШ үкіметі шығарған осы «өзара тарифтер» төтенше қысыммен біржақты пайда алу әрекеті екені атап өтілді. Бұл халықаралық сауда ережелерін ауыр дәрежеде бұзды. Америка Құрама Штаттарының экономикалық қорқыту әрекетіне қарсы Қытай қажетті шараларды қабылдайды. Тарих пен шындық қысым мен қоқан-лоқы Қытаймен қарым-қатынас жасаудың дұрыс әдісі емес екенін дәлелдеді.
Мақалада даму бірнеше елдердің патенті емес, әлемнің барлық елінің жалпыға бірдей құқығы екендігі анық көрсетілді. «Өзара» және «әділетті» деген желеумен Америка Құрама Штаттары өз мүддесін ғана ойлап, тарифтер арқылы қолданыстағы халықаралық экономикалық және сауда тәртібін бұзуға ұмтылды. Бұл тәсіл халықаралық қоғамдастықтың кең қарсылығын тудырды. Қытайдың Америка Құрама Штаттарының қорқыту әрекеттеріне батыл жауап беруі - шынайы көпжақтылықты қорғау және көпжақты сауда жүйесін қолдау үшін қажетті қадам.
Мақалада АҚШ-тың Қытаймен біржақты сауда соғысын ашуы жаңалық емес екені айтылды. Бұл әрекетінің нәтижесі қандай болады? Қытайдың сыртқы саудасы қысымға қарамастан, жоғары тұрақты өсуді көрсетіп, Қытай экономикасы әрқашан даму мен ілгерілеуді сақтап қалды. Ал Америка Құрама Штаттары сауда тапшылығын азайтуды іске асырмағаны былай тұрсын, өндіріс саласын қайта қалпына келтіруді ілгерілету мақсатына да қарамай, отандық компаниялар мен тұтынушылардың шығынға ұшырауына себеп болды.
Мақалада атап өтілгендей, Америка Құрама Штаттары «тарифтік таяқты» тағы да бұлғады. Бұл қысқа мерзімде белгілі бір теріс әсер етсе де, Қытай бұл салдармен күресуге сенімі бар. Қытай - толық өнеркәсіптік жүйесі бар аса ірі экономика. Ол өндірістік үлкен елден өндірістік қуатты елге айналу жолында. Еліміз 150-ден астам елдер мен аймақтардың ірі сауда серіктесі. Қытай барлық тараптармен өзара тиімді ынтымақтастықты мызғымай нығайтып, барлық тараптарға дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге өзінің даму тұрақтылығын арттырып, қиындықтарды жеңуге әлі әбден жетеді.
people.cn © People's Daily Online