2024 жылы Қытай мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер, бақылаушы мемлекеттер және диалог бойынша серіктестер арасындағы сауда көлемі 890 млрд АҚШ долларына жетті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 11 сәуір

11 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 10 сәуірде Тяньцзиньде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инвестицияларды ынталандыру жөніндегі жұмыс тобының тоғызыншы отырысы өтті. Кездесуде Сауда министрлігінің өкілі атап өткендей, 2024 жылы Қытай мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер, бақылаушы мемлекеттер және диалог бойынша серіктестер арасындағы сауда көлемі 890 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл - рекордтық көрсеткіш, ол Қытайдың жалпы сыртқы саудасының шамамен 14,4%-ы.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото