Юань әлемдегі үшінші ірі сауданы қаржыландыру валютасы болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 15 сәуір

15 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары юаньды халықаралық деңгейде қолдану жоғарылап, халықаралық инвестициялар мен қаржыландыру функциясы едәуір артты. Қытай Халық банкінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша юань әлемдегі төртінші төлем ақшасы және сауданы қаржыландырудың үшінші валютасы болып танылды.

2024 жылы шетелдік қаржы ұйымдары мен компаниялары Қытайда 200 миллиард юаньға жуық panda облигацияларын шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға жоғары. Ал шетелдегі юань облигацияларының шығарылымы 150%-ға ұлғайды. 2024 жылдың соңында Қытай 40-тан астам ел мен аймақтағы орталық банктермен немесе ақша-несие ұйымдарымен жергілікті ақшаны айырбастау туралы екіжақты келісімдерге қол қойды.

Юаньның трансшекаралық төлем жүйесін (CIPS) қамтуы айтарлықтай кеңейді. 2024 жылғы желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша, оның нарықтық жүйесі әлем бойынша 185 ел мен аймақты қамтыды. 2024 жылы трансшекаралық юань төлемдерінің көлемі 175 трлн юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға өсті.

Резервтік функцияларға келетін болсақ, 80-нен астам шетелдік орталық банктер немесе ақша-несие ұйымдары өздерінің валюталық резервтеріне юаньды енгізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото