Қытай мен Малайзия «Бір белдеу, бір жол» аясында Куала-Лумпурда жаңа ғимарат салды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 сәуір

16 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасын ұсынды. Төраға Си Цзиньпин: «Ортақ салатын «Бір белдеу, бір жол» құрылысы Қытайдан басталғанымен, оның жетістіктері мен мүмкіндіктері бүкіл әлемге тиесілі» деп айтқан болатын. Қытай мен Малайзия Азия-Тынық мұхиты аймағындағы маңызды дамушы елдер және дамушы экономикалар. Олар мыңдаған жылдар бойы тату көршілер, бір-біріне адал достар және ынтымақтасып, тең ұтысқа жететін серіктестер. Бастама басталғаннан бері Қытай мен Малайзия «Бір белдеу, бір жолдың» сапалы құрылысында жемісті нәтижелерге қол жеткізді. Жақында онлайн «Халық Газетінің» тілшісі Малайзияның Куала-Лумпур қаласына келіп, Қытай мен Малайзия бірлесіп салған «Бір белдеу, бір жол» құрылысының көрнекті жобаларының бірі болып табылатын 106 сауда мұнарасының нақты құрылыс алаңындағы хикаяларды тыңдады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото