- Барлық ақпарат
Қазақстандық өнімдер алғаш рет Қытайдың Халықаралық тұтыну тауарлары көрмесінде бой көрсетті
![]() |
18 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Хайнань өлкесінің Хайкоу қаласында өтіп жатқан Қытайдың 5-інші Халықаралық тұтыну тауарлары көрмесінде Қазақстанда өндірілген жоғары сапалы тауарлардың алуан түрі алғаш рет бой көрсетіп, көптеген қытайлық және шетелдік қонақтың назарын аударды.
Бұл ЭКСПО - биыл Қытайда өткен тұтыну тауарларының алғашқы ауқымды халықаралық көрмесі. Көрменің жалпы ауданы 160 000 шаршы метрден асады, көрмеге қатысу үшін 71 ел мен аймақтан 4000-нан астам бренд қатысты. Қазақстандық көрме аумағында негізінен отандық өндірілген кәмпиттер, газдалған сусындар, өсімдік майлары, сүт өнімдері, оның ішінде түйе сүті мен жылқы сүтінің ұнтағы және басқа да арнайы өнімдер көрсетілді.
Бұл жолғы көрменің тағы бір ерекшелігі - көрмедегі маңызды экспонаттарының бірі тұтыну тауарлары саласындағы қазіргі ғылыми-техникалық даму тенденциясын көрсететін ұшқышсыз ұшу аппараттары, роботтар, электромобильдер және басқа да көптеген инновациялық жетістіктер сияқты жоғары технологиялық өнімдер болды.
people.cn © People's Daily Online