«Бір белдеу, бір жол» жастар достық алмасу іс-шарасының тілшілері Лояндағы ұлттық пион бақшасына барды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 сәуір

22 сәуір, онлайн «Халық Газеті» -- 21 сәуір күні онлайн «Халық Газеті» ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» жастар достық алмасу іс-шарасына Еуразияның 9 елінен 12 негізгі бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері барып, Лояндағы ұлттық пион бақшасын аралады.

Лоян ұлттық пион бағы 1984 жылы құрылған. Бақшада 200 000-нан астам пион бар. Олар біздің еліміздегі барлық пион түрлерін және әлемдегі негізгі пион сорттарының генетикалық қорын қамтиды. Бұл пион мәдениетін, ғылыми зерттеулерді, бағалауды және алмасуды біріктіретін маңызды платформа.

6 күндік сұқбат барысында шетелдік БАҚ тілшілері Эрлиту Ся патшалығы астанасы жұрты мұражайына, Лонмэнь гроттосына, Лоян Санчай халықаралық керамика ауылына, Дунфанхун фермерлік мұражайына және басқа да жерлерге барып, Лоянның «Бір белдеу, бір жол» құрылысын ілгерілетудегі жаңа жетістіктерімен танысып, ашық экономикалық даму табыстарынан хабардар болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото