Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуірде күтілуде

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 сәуір

Қазақстан СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы хабарлады Sputnik.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалады.

«Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде болуы ықтимал. Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су жылдағыдай жайылма алқаптарға таралуда. Қазір су Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай учаскелеріне жайылған. Бұл саяжайларда тұрғындар жоқ, ТЖД мен полиция бекеттері қойылды», - делінген хабарламада.

Ойқала мен Былғары кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарында жағдай ерекше бақылауда.

«Су тасқыны толық аяқталғанға дейін жағдайды тұрақты бақылауда ұстаймыз. Басымдық — азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтау. Барлық қызметтер жоғары дайындықта болып, жедел әрекет ету керек», — деді өңір басшысы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото