- Барлық ақпарат
ЕАЭО елдері фермерлерді қаржылай қолдау тетігін іске қосады
Экономиканың нақты секторында кооперацияны дамыту мақсатында 2024 жылы ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу тетігі қолданысқа енгізілгенін атап өту қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агентті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне ситат келтіріп.
Бұл тетік ЕАЭО бюджеті есебінен қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.
Осылайша, ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйін талдау негізінде және Қазақстан экономикасы үшін аграрлық азық-түлік секторының маңыздылығын ескере отырып, келесі басым бағыттар айқындалды:
- ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту;
- мал шаруашылығының тұрақты дамуы;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
- АӨК инфрақұрылымын дамыту.
Бүгінгі таңда Комиссия тараптармен бірлесіп, қаржылық жәрдемдесу тетігінің негізгі шарттарын және агроөнеркәсіптік кешеннің кооперациялық жобаларын іріктеу критерийін айқындауға тиіс Ереженің тиісті жобасын әзірлеуді қоса алғанда, ЕАЭО-ның нормативтік құқықтық базасына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты бастады.
people.cn © People's Daily Online