- Барлық ақпарат
Қазақстан туристік саланы бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіреді
Қазақстан туристік саланы бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіруге ниетті. Бұл бағыт туристік қызметтерді үйлестіріп, саяхатты жоспарлау, орналастыру және кері байланысқа дейінгі барлық негізгі кезеңдерді бір платформада біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» форумында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев форумда сөйлеген сөзінде туризмді цифрландыру үкімет деңгейінде басым бағыттардың бірі екенін атап өтті:
«Kazakhstan.travel порталы, әуежайдағы QR-код жүйесі және eQonaq платформасы жұмыс істеп тұр. Бірақ туристің цифрлы жолы әлі де толық қалыптасқан жоқ. Ұялы байланыс операторлары мен электрондық төлем жүйелері сияқты қосымша дереккөздерді біріктіру қажет. Бұл салаға ашық, ыңғайлы және қауіпсіз цифрлы орта қалыптастыруға жол ашады», – деді вице-министр.
people.cn © People's Daily Online